Аршалы ауданы Сарыоба орта мектебі
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы: «Қиялдан туған ғажайып аң стилі»
Жұмыстың секциясы: Этномәдениеттану
Орындаған: Өмірбек Есенжол, 8- сынып
Жетекші ұстазы: Силам Еркежан
Аршалы, 2019
МАЗМҰНЫ
Түйін: ...........................................................................................................3
1 Кіріспе:......................................................................................................6
1.1 «Қиялдан туған ғажайып аң стилі».......................................................7
1.2 Сүйектерге жан бітсе..........................................................................11
Қорытынды.................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................18
Мазмұны;
Ғылыми жоба.
Тақырыбы: «Қиялдан туған ғажайып аң стилі»
Жұмыстың мақсаты:
Сүйекке байланысты атауларды, ұғымдарды, өлшемдерді зерттеу, заттар жасау арқылы насихаттау.
Алдыма қойған міндеттерім:
Ата бабадан жалғасқан аңшылық дәстүрді бала кезден санада ұстап, біліп өсу.
Сүйектен мүсіндер жасау арқылы «сүйек» сөзінің ауқымын кеңейту, сондай – аң сүйектің формасында кездесетін бейнелерді ашу, оны ұқсата білу.
Зерттеудің тәсілдері: (зерделеу,салыстыру, талдау, баяндау)
Тақырыптың жаңашылдығы:
Қазақ халқымен бірге жасасқан заттардың бірегейі де күрделісі сүйектен жасалатын заттарды жасау арқылы, атаулар, ұғымдар, өлшемдердің аттарын білу. Сүйектер формасында кездесетін жануарлар бейнесін өңдеу арқылы «Аң стиліне» негіздеп, табиғаттың жаратылысын жаңа қырынан тану.
Зерттеудің нәтижелері:
Көшпелі өмір салтымызбен жалғасқан сүйектің маңызын келешек ұрпақ біліп өсу.Тіліміздің сөйлеу барысында кездесетін сүйекті, сондай-ақ зат ретінде қасиеттерін білу.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Ғылыми жұмыс түйіннен, кіріспеден, бір тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің нысаны: Мал сүйектері (Сиыр, қой сүйектері)
Резюме. (Аннотация)
Ғылыми жоба бағыты: Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша аңдық стилі бағытын болашақ ел азаматтарына дәріптеу болып табылады.
Адамзат тарихымен бірге жасасқан өнері, ол-қол өнері. Қол өнердің ішінде сүйектен жасалған тұрмыстық заттары мен еңбек құралдары болғаны жиі байқалады. Себебі ақшылық кәсіпте сүйектің маңызы өте жоғары болды және одан жасалған заттар сұраныста болды. Менің жобамда сүйектердің құпиясын ашу, оны кез келген жануарлар бейнесімен байланыстыру. Аңшылық өмірде адамдар ет немесе тамақ ретінде жан жануарларды аулауы мүмкін емес, оның сүйектерінде қоғамда, өмірде, қолдана білді деген ойды айтқым келеді.
Негізгісі: Сүйек құпиясын ашу, «сүйек» сөзінің ауқымын кеңейту, соның ішінде сүйеккке қатысты: аталуы, нанымдар, ұғымдар, өлшемдер сияқты түсінікті толықтыру. Сондай-ақ сүйек формасын, құрылысын зерттеу. Сүйектен кез келген затты жасаудағы зерттеулік жұмысымды ұсынғым келеді.
Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымымен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды.
Н.Ә.Назарбаев.
Түйін:
Әр халықтың құнды мұралары болады. Ол мұрасы халқымен бірге жасасып, көркем болмысы мен рухани байлығын айшықтайды. Осындай озық мәдениетіміздің бірі және бірегейі «Аң стилі өнері». Бұл өнер бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді.
Халқымыздың бірге жасасқан өнері олар – оюлар кескіндемесі, металмен жұмыс істеу техникасы, металдан жасалған құймалар сияқты күрделі әдістерді меңгергені тарихтан белгілі. Соның ішінде негізгі түрі, қол-өнері. Қазақ халқы ежелден қол-өнермен айналысқаны белгілі. Халқымыз өздерінің баспаналары мен киімдерін, тұтынатын тұрмыстық бұйымдарын жасап атадан балаға дәстүрлі түрде жалғастырып отырған. Бағзы заманнан бес түлік малды қазақ халқы бағып қолда ұстаған. Мал мінсе көлік, кисе киім, сүтін сусын ретінде пайдаланып, етін тамақ болдырып келген. Яғни бес түлік малмен бірге болып, өздеріне серік еткен. Мал терісінен киім, тұрмыстық бұйымдар, (арқан, саба, торсық, шом, тулақ т.б.) мал жүнінен киіз үйдің жабдықтарын (үзік, бау, туырлық, сырмақ, түндік, жіп, желбау, басқұр т.б.) жасап қолданып отырған. Малдарға әбзелдер жасап пайдаланған. Түйеге бұйда мен қоспақ арқан, жылқыға ер әбзелдерін жасаған. Ал сүйектерінен ұлттық ойындар ойнаған. Олар: «Ақсүйек», «Ханталапай», «Асық ату», «Тобық тығу».Осы уақытқа дейін жеткен қазақ бабамыздың қол-өнер мұрасын жаңғырта отырып, ойыма оралғаны мал сүйектерінен бұйымдар жасауды жобалық жұмыс ретінде қолыма алдым. Бұл жұмысыма ұстазым Силам Еркежан жетекшілік етіп, атам Дүрімхан, әкем Өмірбектер көмектесіп отырды.
«Өнерін қуған өрге шығар»-дегендей, бұл өнерге қызықтап қараған себебім:
-Үйде атам Дүрімхан үнемі ертегілер мен батырлар жырын айтып, батырлар мінген тұлпарлардың жүрісін, тұрқын қызықтыра әңгімелей отыра асық ойындарымен ойнатып, мал сүйектерінің маңызын, яғни одан көптеген ойыншықтар жасауға, кәде сый ретінде маңызы бар екенін айтып отыратын. Сондай ақ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Рухани жаңғыру «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай қазақ халқының қол өнерін қолдап, сондай-ақ сүйектен жасалған заттарды дамытуға үлес қосқым келді.
Кіріспе:
Көшпелі елдердің тіршілігіне көз салсаң, малшылық пен аңшылық егіз ұғымға ұқсайды. Әйтседе ең алдымен аңшылық пайда болған деген тұжырым бар. Себебі үй хайуандарының өздері, алғашында да тағы хайуандар болғаны мәлім. Адамзат ең алғаш рет соларды аулап, тірідей ұстағандарын қолға үйреткен де, үйренбегендерін аулап, пайдалануын доғармаған. Мылтық шыққанға дейінгі аңшылардың қолданатын тәсілі қапысын тауып ұстау: көне заманның осындай бір әдісі- аран. Аран: Аңдарды ұстау үшін тау арасынан ені тар қоршау жасап, олардың жан-жағына аң кіргеннен кейін шегініп шыға алмайтындай өткір істік қадалар орнатады. Мұнан кейін аңдарды айдап келіп осы қоршауға енгізеді. Оған кірген аңдар, хайуандар кейін шегіне бере әлгі істікке түйреліп, қозғала алмай тұрып қалады. Осы кезде аңшылар оларды оңай соғып алады.
Аңдарды аулаудың тағы бір әдісі-қыс кезінде қамыстың басын қырқып, мұз бетіне сояуын қалдыру. Мұндай әдіске қоян арандағыш келетін сияқты.
Бәрімімізге белгілі ежелгі адамдар тұсында ежелгі аң аулауда сүйектің ағашқа байланып найза ретінде қолданғаны белгілі. Сайып келгенде адам өмірі сүйекпен етене байланыста болған. Оған нақты дәлелдер аңшылық кәсіп.
Қазақтың аңшылық өнерінде көне заманнан күні бүгінге дейін ең көп қолданылатын әдісі- ит жүгіртіп, құс салу.
Аңшылық –дала, яғни түз жануарларын аулау кәсібі. Қазіргі қазақ жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі тас дәуірінен айналысқан. Айталық Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі қалған. Ондай тұрақтар
суатқа келетін аңдарды аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Кейінгі
палеолитте дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Адамдар Жайық өзенібойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсық
аулап, олардың сүйектерінен түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар, сүңгілер,
сүйек инелер мен біздер жасаған.
Сондай - ақ адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Кәсіптік аңшылықтың мақсаты–аңдар мен құстардан ет, тері, мамық,
қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдерін алған. Бұл өнімдерден ат әбзелі ретінде терісін терлікке, мүйіздерінен қамшының сабын жасап өмірде қолданып отырған. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді.
Адамзат алғаш әлемде пайда болған кезден-ақ адамдар санасында тамақ тауып жеу деген ниеттерден туған ортада өзін қоршаған ортаға үйлесе өмір сүруге талпынғаны белгілі. Күн көру қарекетімен әуелден әртүрлі табиғаттағы жабайы жеміс-жидекті теріп, талғажау ете келе аң- құс аулауға машықтанғаны белгілі. Мұны даланың құнды бір мәдениетіндей сақталып қалған көне жәдігерлер дәлелдеуде. Әсіресе тасқа «қашалған» аң-құс аулаудағы бейнелер соның айғағы бола алады.
1.1 Аңшылық өмірдің қыры мен сыры немесе сүйекті жаратудың сыры неде.
Ежелгі адамдар уақытының көп бөлігін тамақ тауып жеуге арнағаны тарихтан белгілі. Себебі ол уақыттарда дайын ештеңе жоқ еді. Табиғаттың бергенін адамдар талғажау етті. Табиғаттың тосын сыйы әр жерде әр қалай болды.
Мысалы: Климаттық жағдай біркелкі еместігі түсінікті деуге болады. Аңдардың көп жүретін жері, яғни түрлері де көп, құстардың сан алуан түріде осы табиғаттың әр алуандығын көрсетеді. Адам санасында тамақ тауып жеу деген ғана түсініктер болды. Әрине адамдар жақындарына туыстарына руластарына үнемі қамқаор болған. Осы жағдайлардан түйгеніміз адамдар арасында жаңа кәсіптердің пайда болғанын көрсетеді. Адам неғұрлым жемістері мол шөбі шүйгін жерлерге жақын өмір сүрді. Ал мұндай жағдай, терімшілік кәсіптің шығуына әкелді.Терімшілік кәсібі көп жағдайда дайын өнім ретінде айтылған мен оны тауып, биікте өскен жемістерді қағып түсіруге піл немесе алып аңдардың сүйектері пайдаланған болуы мүмкін.Әсіресе аталған жануарлардың
сүйектері соның ішінде ұзын қабырғалары керектеніледі. Мысалға пілдің қабырғалары 2-3 м болған. Биікте өсіп тұрған жеміс жидекті тартып жеуге құрал ретінде пайдаланған. Ол қабырғалар иілгіш және адамдар өздерімен бірге алып жүруге икемді болған, сондай-ақ жеңіл болған. Тағыда жемістердің сыртын тазалау кезіндеде қысқа жабайы аңдардың қабырғаларын керектенген. Себебі адамдарға сыртынан қарағанда іші дәмдірек жемістер кездескен жағдайда аршып жеген деуге болады. Малдың жілік сүйектер (асық жілік, ортан жілік) қазғыш құрал ретінде пайдаланылды. Жарықшақтана сынған сүйекті ұзын қатты ағашқа матап байлап, онымен жердегі жемістердің тамырын қазып жейтін болған. Терімшілікке ғана емес адамдар ортасында әлеуметтік теңсіздікті де айқындайтын жағдайда да сүйектер айтылады. Мамонттардың тістері, тұмсығы өте бағалы екені тарихтан белгілі. Азия және Африка халықтарында патшаның әйелі пілдің сүйегінен жасалған әшекей киімдер кигені айтылады. Ал қазақ даласында теңіз, көл жағасында тұратын халықтар сиырдың қос жауырынан ескек жасаған.[6,79]
Сондай ақ қойдың жауырынынан бал ашатын болған. Бақсы балгерлер күнге жауырынды қаратып алдағы ауа райы туралы мәлімет беретінін де естідім.Ауқатты байлардың пышағының сабы піл сүйегінен болған. Қазақта
«Пышағыңның өзі қайдан болса онан болсын, сабы дандан болсын» деген сөз бар. Дандан –піл сүйегі.[6,79]
Сүйеккке қатысты тағы бірде, тас өңдеу, әсіресе, сүйектер мен мүйіздерді өңдеу одан әрі дами түсті. Кейінгі палеолитті ғалымдар кейде «сүйек ғасыры» деп те атайды.[4,6] Осы уақыттан бастап сүйектің қолданылғаны және негізгі қару жарақ пен еңбек құралы болғанына дәлел болады.
Ал адамдардың жер бетінде пайда болғаннан бастап қәзіргі уақытқа дейін аң аулау, аңшылық кәсіп бір сәтте тоқтаған емес. Бір замандарда адамдар тамақтану үшін аңға шықса соңғы уақытта қызықтау үшін де аулайтын болған
Аңшылық - адамзаттың ең көне және ең алғашқы күнкөріс қарекетінің бірі болғанымен, уақыт өте келе кәсіпке ұласып, орта ғасырдың соңына дейін шаруашылықтың негізгі бір түріне айналды.
Тарихтың даму барысында табиғат ананың қорының, дәлірек айтсақ аң-құстар
қатарының сиреуі, адамзат баласының санының күрт өсіп, экологиялық аптқа әкелуі өркениеттің даму барысы аңшылықты тежеуге мәжбүрледі. Әрі діни фактордың күшеюі, адамдардың ақыл-парасатының арта түсуі, өркениетті қоғам элементтерінің дамуы табиғатқа деген қамқорлықты арттырды.
Сондықтан аң-құстарды жөн-жосықсыз, шектен тыс аулауға, құртуға шек қойыла басталды. Әсіресе, адамдардың санасындағы аңыз түсініктері мен байырғы дүниетанымындағы табиғат ананы қастерлеу, оның аң-құсын, әсіресе қазақтар «Құдайдың малы», «қоңыр аң» деп қастерлеген бұғы, қарақұйрық, тауешкі, құлжа қатарлы аңдарды және киелі құстарды шектен тыс аулауға, жөн-жосықсыз қыруға жол берілмеді.
Осы кезден аң аулаудың көптеген тәсілдерінің бірі алға шықты, ал қайсыбірі екінші қатарға ысырылды. Аңшылық тәсілдерінің аңды қыран құспен алу, құмай тазымен аулау, ату қаруларымен (садақ, мылтықпен), түрлі жабдық-саймандармен (тұзақ, абақ, шаншу, қақпан, атқы), әр алуан тәсілдермен (құм қақпан, орға жығу, қысаңға қамап, сойылмен ұру) аулау деген негізгі түрлері бар. Осылайша табиғи тәсілдермен аң аулаудың өрісі тарылып, оның кейбір түрі, айталық құсбегілік пен тазы баптау кәсіптен гөрі, өнер сипатына ие болды.
Аңшылық, саятшылық өнер атадан-балаға берілетін өнегесі мен тағылымы мол-өнер. Бұл өнерді жан-тәнімен сүйіп құрмет тұтып келген. Атасы баласына, әкесі немересіне аңшылықтың қыр сырын қажымай талмай, тәмпіштеп отырып баяндап отыратындығы айтылады. Аңға щығып, салбаурын жасағанда бірнеше күн тіпті айлап үйіне келмей қызықтап жүре беретін болған. ...
Баяғыда аңшы адам далада аң аулап жүрсе-үйдегі кәрі атасы және бір атаны өледі. Сонда аңшы:
Атан өлсе сойылар,
Атам өлсе қойылар.
Бұл сияқты қансонар,
Маған қайдан табылар, -деп, қайтпаған екен дейді.[7,98]
Қазақтың аңшылық өнерінде көне заманнан күні бүгінге дейін ең көп қолданылатын әдісі- ит жүгіртіп, құс салу.
Әуелі ит туралы. Қазақ ұғымында: «Ит жеті ырыстың бірі», «Итті тепкен ырысты тебеді», «Иесі сыйлағанның итіне сүйек сал», яғни тамақтандыр дегендей тұжырымдар айтылады. Итті бұлай қадірлеу мал шаруашылығымен шұғылданатын көшпелі елге қажет-ақ. Өйткені ит-адамның үйде де, түзде де сенімді серігі.[11.5]Сондықтан «Итті иесімен қинасын» деген. Иттің еркегі-төбет немесе арлан, ұрғашысы- қаншық. Бірге туғаны- ұялас, кішкенесін күшік дейді. Қазақтар асырайтын иттер тұқым жағынан «дүрегей», «тазы» болып екіге бөлінеді. Дүрегейі үй күзетеді, тазысы аңға қосатын жүйріктер.[7,91]
Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы жолға қойылып дами түсті. Соған байланысты қазақтар
арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы), атанған. Ал аңкөс адам (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсқа байланысты құсбегі(қырандарды түрге, топқа ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) адамдар пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді.[1,8]
Кәсіптік аңшылықтың мақсаты – аңдар мен құстардан ет, тері, мамық,
қауырсын,мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді. Спорттық-әуесқойлық аңшылық аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғат саясында дем алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылықтың құрамына: аң шаруашылығының экономикасы, кәсіптік аңдар мен құстардың биологиялық
ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту, алынатын өнімді арттыру және сапасын жақсарту, аң аулау әдістерін, құралдарын жетілдіру
мәселелері жатады. Аңшылық тәсілдерінің аңды қыран құспен алу, құмай тазымен аулау, ату қаруларымен (садақ, мылтықпен), түрлі жабдық-саймандармен (тұзақ, абақ, шаншу, қақпан, атқы), әр алуан тәсілдермен (құм қақпан, орға жығу, қысаңға қамап, сойылмен ұру) аулау деген негізгі түрлері бар. Осылайша табиғи тәсілдермен аң аулаудың өрісі тарылып, оның кейбір түрі, айталық құсбегілік пен тазы баптау кәсіптен гөрі, өнер сипатына ие болды.
Ұлы Мұхтар Әуезов айтқандай: «Аңшылықтың үміт, қуанышы көп. Ыстық оттай қызулы минуты көп, мағыналы өмір. Аңшылықта кісіні ақын күйіне жеткізетін сезім күйі көп. Бұл - салқындап кеткен кәрі ақылдың өмірі емес, сүйген ғашығыңды сағынып келіп, күліп-ойнап өткізген күндіз-түніндей ыстық сезім өмір. Өйткені бір минуттың ішінде қуантатын да, жүдететін де сәттерді басынан кешіреді. Соның бәрін айтып жүргендіктен аңшының тілі шешен, қиялы жүйрік. Бүркіттің ұшқанына, түлкінің құтылмақ болған айласына, құсшының ебіне арналған талай шешен сөздер бар. Аңшылық өмірінен ілгері-соңғыдан қалған талай қызықты, жанды, сұлу әңгімелер көп».[1,8]
Шынымен-ақ құсбегіліктің адамды ақындық деңгейге жеткізетін «өнер», әрі халықтың көне дәстүрінің мәйегін сақтап, насихаттайтын, ел арасындағы беделді-серілердің жан жолдасы, жұрттың ермегі ғана емес, кие тұтар құндылығы болып қалды. Оның дәлеліндей, аушы құстарға қатысты толып жатқан ырым-тыйымдар мағынасы күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді.
Аңшылық немесе құсбегідікте олжа алу негізгі мәселе емес, керісінше тұз тағыларын қолға үйретіп жуасыту арқылы бейне бір аң-құс тілін білетін
мамандай немесе майталман өнерпазындай тұз тағысына өз "әмірін" жүргізу маңызды, әрі адамның өзі баптаған аушы құсының көкте самғауы мен оның аспанда қалықтап, шүйіле келіп аңға түсуін тамашалау жанға ғанибет, саятта құсбегіге еріп жүрген жұртқа рахат сыйлайтын көрініс. Өйткені, аспанда қалықтап ұшу адамзаттың бағзыдан бергі арманы, оны қолға үйреткен құсы арқылы тамашалау үлкен бір лазім.Саятқа топ-тобымен шыққан жұрт
бұл тамаша көріністің куәсі ғана болып қоймай, оған өзінің сақадай-сай әзірлігін сынайды. Өйткені жылы киім, дұрыс қайырылып үйретілген құс, тазының ұшқырлығы, бапты ат, мықты денсаулық бәрі-бәрі саятта сыналады. Сондай-ақ серуендеген серілер «ақ қар, көк мұз» аязды шақта табиғаттың екінің бірі бажайлай бермейтін қыр-сырына тереңірек үңіле түседі...
Аңшылық, құсбегілік жайындағы түсініктер көшпелі халықтарға тән өмірімен етене араласқан өнегелі өнер десек, сол өнердің айналасында сүйеккке қатысты тұжырымдар көптеп кездеседі. Мысалы бүркіттің аузына су құятын ыдысы-тазқараның немесе көкқұтанның жіліншігінен жасалыпты.[6,81] Себебі: аталған құстар ұзын сирақты, ал бүркіт тамақтанғанда адамнан алыс еркін отырғанды жақсы көреді.
Сондай-ақ қазақ баласын бесікке бөлегенде сүйек шүмекті де пайдаланған. Ол шүмек қойдың асық жілігінен жасалған. Асығы бар жағын тұйық күйінде қалдырып, келесі жағын толық тегістеп алып тастаған. Содан кейін майға қайнатып пайдалана берген. Мен мұндай шүмектің ағаштан жасалғанын көрдім. Қазақта «қозы жауырын оқ» деген жебе бар. Осы жебе қозының жауырынын алынып жебенің сабына бекітілуі керек, содан ол жебемен терісі бағалы құндыз, бұлғын т.б кішірек аңдарды аулауы мүмкін.
Менің атамның айтуы бойынша «сүйек шаңғы» деген болған дейді ертеректе. Бала күнімізде ең жылдам қар үстінде еркін сырғитын шана(коньки) түрідеп айтып отыр. Ол жылқының жіліншік сүйегін екіге жарып, екі жақ басын арамен кесіп қайқылап, көлденең алдынан және артынан тесіп жіп өткізіп, қатты былғары аяқ киімге байланатын айтып берді.
Сүйектен жасалған затар әр қайсысы алуан түрлі қызмет атқаратын зат ретінде біздің тарихымызда болған екен, бола да берер...
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
1.2 Сүйектерге жан бітсе...
А. Атау төркіні:
Сүйек –зат. Адам мен хайуанаттар, малдар, құстарды т.б. денесінің қаңқасы..[5.404].
Тілімізде «сай-сүйек», «сүйек -саяқ» деген тұрақты сөз тіркестері бар. Ауызекі тілде айтып, жазып та жүрген сүйек сөзі бәрімізге де түсінікті. Ал «сай», «саяқ», сөздері «сой» түбірінен топшыланған.[6,73]
Өйткені бұл сөз тілімізде бұрын көп қолданылған. Қалнияз ақын:
Бұралып өсер бой қайда,
Бұрынғыдай сой қайда? ... десе, Бала Ораз ақын Құлманбетпен айтысқанда:
Падишаның сойындай,
Қашаннан болат сүйегің, - дейді.
Ендеше, «сай-сүйегім», деген тіркестің алғашқы тұлғасы «сой-сүйегім» болуы керек. Сонда «сай, «сой» дегеніміэ «сүйек» деген ұғымды дереді де, «сой-сүйегім» деген қос сөздің мағынасы «сүйек-сүйегім» болып шығады.
Тіліміздегі «мал сой» деген тіркес те малдың мүшелерін жіліктеу, яғни сүйекте деген ұғымды білдіреді. Сондай-ақ «сай», «сой», «сүй» деген түбірлерден туындайтын сайғақ, сайман, сояу, сүйрік, сүймен т.б. сөздер осы «сүйек» деген ұғыммен сабақтасып жатқанын аңғару қиын емес.
Ә. Нанымдар мен ұғымдар:
Қазақта сүйекті қастерлеу, қадірлеу салты ерте замандардан қалыптасты. Сондықтан о дүниеге сапар шеккен адамның мүрдесін туып өскен жеріне, кіндік қаны тамған елді мекенге жерлегенді дұрыс санаған. Соғыс уақыттарында шейіт болған әскерлерді «қорлауы» мүмкін деп жат жерде қалдырмай, өздерімен бірге ала келетін болған. Тіпті қиыншылық жағдай болып, сүйекті түгел әкеле алмаса, бір саусағының сүйегін алып келген.
Сол сияқты бұрынғы ақсақалдар жөн сұрасқанда бір –бірінен «сүйегің кім?» деп сұраған. Мұндағы түсінік: Адам баласы туған ата – анасының, яғни дүниеге келген уақыттағы руы, туыстық жүйесімен мәңгі кететінін айтып отыр. Мен осы жағдайлардан кейін әкемнің шыққан тегі бойынша өзімнің сүйегімді танып білу, аталуы, таралуы туралы пысықтап алдым.
Көңілі жақын достар, жегжат адамдар болашақ ұрпақ суысып кетпесін деген ниетпен бір – бірімен қыз алысып, қыз берісіп отырған. Бұндай жағдайды қазақта «сүйек жаңғырту» деп атайды.[6,75]
Бабаларымыз о дүниелік болған адамды жерлемес бұрын тазалап, жуындырған. Осы рәсімді о дүниелік болған адамның жақын адамдары, достары, жолдастары атқарған. Бұл рәсім «Сүйекке түсу» деп аталған.
Сондай – ақ, кімде – кім, теріс қылықтар, оғаш мінездер көрсетіп, жақындарын ұятқа қалдырса, адамдар оған ренжіп сүйекке таңба салды деп теріс қарайтын болған.
Тік жүрісті, тұғырынан таймаған, қайратты ширақ адамдарды «сүйегі асыл адам екен» деп, қызыға қарайтын.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным сенімдерге байланысты «Жауға қойыңды қалдырсаң да сойыңды қалдырма», «Су сүзілмейді, сүйек үзілмейді» деген сияқты көшпелі халықтарға тән нақылдар қалыптасқан. Сонымен бірге «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді» деген мәтелдерде халық арасында.
Б. Өлшемдер:
Қазақы өлшемдерде өлшем бірлігіне адамның өз сүйегі алынған:
1. Бой - сол адамның, кісінің бойы
2. Құлаш – Адам бойы қанша болса, бойы сонша болады.
3. Құшақ – Периметрі кісі бойына тең шеңбер.
4. Жарты құлаш – кісі бойының екіден біріне тең.
5. Адым – жарты құлашқа тең.
6. Жарты адым – адам бойының төрттен біріне тең.
7. Қолтық – қолдың басы мен қолтықтың арасыы.
8. Шынтақ - қолдың басы мен шынтақ арасы.
9. Білем – қолдың бірінші буынының арасындағы қашықтық.
10. Кере қарыс – Бас бармақтың ұшы мен кішкене саусақтың ұшын көргендегі аралық.
11. Қарыс – бас бармақ пен төртінші саусақты кергендегі ара қашықтық.
12. Сүйем – Бас бармақ ұшы мен сұқ саусақты екінші буыннан бүгіп, кергендегі аралық.
13. Сынық сүйем - Бас бармақ ұшы мен сұқ саусақты екінші буыннан бүгіп, кергендегі аралық.
14. Елі – Саусақтың қалыңдығы (басбармақпен)
15. Табан немесе табан елі – төрт саусақ пен бас бармақты біріктіре ұстағандағы қалыңдық.
16. Тұтам – жұмып затты тұтамдап, қысып ұстағандағы қалыңдық.
17. Табан – Аяқтың өкшесі мен бас бармағының ара қашықтығы.
18. Шымшым – Кез келген затты бас бармақ пен сұқ саусақтың арасына қысып алғандағы сыйымдық өлшемі.
19. Уыс – қолдың алақанға біріктіре ұстағандағы сыйымдылық.
20. Қос уыс - қос қолдап алақанға біріктіре ұстағандағы сыйымдылық.[6,77]
Тереңдік өлшемдері: Кісі бойы, белуардан келу, тізе, тобық.
Мал бойына қатысты өлшемдері: аттың құлағы, аттың сауыры, аттың бауыры, аттың шашасы, аттың тізесі, ат тұяғы.
Сондай –ақ көшпелі халықтардағы өлшемдері: арқан бойы, найза бойындай, құрық бойы, қамшының сабындай, таяқ тастам жер, қарға адымдық жер, ат шаптырым, иек астында, көз ұшында т.с.с өлшем бірліктері кездесе береді.
В. Сүйектерге жан бітсе...
Кез келген жұмысты бастамас бұрын, оған дейінгі кезеңдерден өту керек деп ойлаймын. Бала кезден теледидардан тарихи киноларды жақсы көрдім. Бір көрген киноны қайта көруден жалықпадым. Кез келген кино саласындағы деректі филмдерді қарағанда, адамдардың қиыншылықтардан қалай жол тауып шығатыны мені таң қалдырды. Әйтеуір оқиғалар жеңістермен аяқталады. Бұндай жеңістерге адамдар қалай жетеді дегенді ойласам, еңбек ету мен кез келген нәрсені ұқсата білуден тұратынын білдім. Осы сияқты жағдайлардан кейін менің ойым алға ұмтылуға, сондай – ақ отбасымдағы атаммен әкемнен алған тәрбие де әсер етті.
Мектепе тарих, әдебиет сабақтарындағы оқиғаларданда әсер алдым. Осындай кезеңдерден өткеннен кейін әр зат немесе кез келген нәрсенің обалы бар деген ойға келдім. Мал сүйектері кез елген жерде шашылып жататыны, қараусыз зат екені байқалып тұратын. Ал біздің отбасымызда еттен сыдырылып алынған сүйектер менің іріктеуімнен кейін ғана қоқысқа тасталатын. Қазанда жоғары температурада жақсы қайнаған ет сүйектен тез ажыратыла алынады, сондай -ақ сүйек таза аршылған болып шығады. Еттен жаұсы ажыратылса сол құрлым жұмыс жасауға ыңғайлы болады.
Мал сүйектері бойынша:
Қойдың:
*Бастың артқы жағы қарақұсы, арқасы, мойыны, жамбасы, белдемесі,кәріжілігі, т.с.с сүйектері заттар жасуға алынады.
Сиырдың:
*Сиырдың бас сүйегі, жамбасы, жауырыны, асық жілігі, жауырыны, арқасы, мойыны, белдемесі т.б сүйектері алынады.
Жұмыс барысы:
1. Етінен сыдырылып алынған сүйектерді таңдау
Сүйектер таңдалған соң, оны құрғату, себебі ол майлы болуы мүмкін.
2. Кептіру.
Үйдегі ауа райының жылулығына баланысты +10+18 градуста кептіру, уақыты: 48 сағаттан аспауы керек. Себебі: Қатты кепкен сүйектен зат жасау қиындау.
3. Сүйекті күтіп, баптау.
Менің күнде үнемі қолым бос болмайды, сондықтан кепкен сүйекті қағазбен орап, қағаз қорапта ұстаймын.
4. Қауіпсіздік ережесі.
Сүйек қаты зат, сондықтан одан керекті ойыншықтар, кәди сыйлар жасау, белгілі бір формадағы бенелерді келтіру қиын жұмыс. Сол үшінде керекті құрал сайманды әкемнің және жетекшімнің рұқсатымен қолданамын және қауіпсіздік ережесіне қатты мән беремін. Осы тұрғыдан алғанда жетекші ұстазымда көмек береді.
5. Эскиздеу жұмысы.
Жасалатын жануар бейнесін таңдау.
Жасалатын затты жетекшіммен ақылдасып, қарындашпен жобалап сызамын.
6. Жұмысты толықтыру.
Негізгі жобасы шыққан затты толықтыра түсу үшін, күрделі иірімдерін жасаймын. Маған осы кезде жетекшім мен әкем көмектеседі.
7. Затты безендіру.
Жасалған заттың кедір бұдырын кетіру үшін тегістеу (наждактау) көз, астына тұғыр сияқты кезеңдерін жасаймын.
8. Бояу.
Жасалған затты әр түрлі түстегі лакпен және боямен бояу керек.
9. Кептіру.
Жасалған затты кептіру уақыты 24 сағат,
Температура +10 +15 кептіріледі.
Сүйектен жасалған заттың артықшылығы:
1. Экологиялық таза.
2. Кәде сый, ескерткіш ретінде пайдалануға болады.
3. Ойыншық ретінде пайдалануға болады.
4. Мал сүйегі шашылып жатпайтын болады.
5. Эконмикалық шығыны өте аз.
Сүйектен жасалған заттарды жасағанда неге қол жетті.
1. Бос уақытты дұрыс ұйымдастырдым.
2. Төзімді болуды үйрендім.
3. Тазалықты, ұқыпты болуды үйрендім.
4. Әр нәрсенің обалы барын білдім.
5. Жұмыс барысында жануарлардың эмоциясын білдім.
6. Қол өнерге икемделдім, шеберлігім артты.
7. Хоббимме айналды.
8. Ата бабамнан жалғасқан өнерді өміріме серік еттім
Сүйек құрылысына байланысты:
Сүйек құрылысы үш бөлімнен тұрады:
1.1 Сыртқы бөлігі – қатты.
1.2 Ішке қарайғы бөлігі – жұмсақ.
1.3 Ортаңғы бөлігі – кемік (үгітілгіш)
1.4 Екі бөліктен тұратын – қой жіліктері.
Сүйек құрылысы формасының табиғи жаратылысы:
1.1 Қой басының қарақұсы - архар басының бейнесіне бейім.
1.2 Қойдың арқа сүйегі – бұлан, бұғы бейнесіне бейім.
1.3 Сиырдың жамбасы(қақпағы) – ойнап тұрған құлын бейнесіне бейім.
1.4 Қойдың белдемесінің – қарсы қарап жатқан қасқыр бейнесіне бейім.
1.5 Қойдың белдемесі – тиін бейнесіне бейім.
1.6 Сиырдың арқасы – бұғының басына бейім...
Жұмыс барысында кездескен кедергілер:
1. Сүйектің иірімдерінен бейнені жасаудағы кедергілер.
2. Кемік (үгітілгіш) сүйектен бейнелер жасаудағы кедергілер.
3. Сүйек формасын нақты қандай жануар бейнесіне жақын келетінін ажырата алмау.
4. Құрал сайманның қарапайымдылығы.
5. Сүйек туралы мағлұматтардың аз болуы.
Қорытынды:
Тақырыпты сүйектерге жан бітсе... деп ала отырып, жұмыс барысында өз білгенімді үйренгенімді көрсеткім келді. Сүйек сөзін терең талдап, мазмұнын аштым. Мұнда қарастырылған мәселелер, пікірлер арнайы басылымдар мен әдеби кітаптардан алынды. Сондай-ақ ауыз екі естіген сөздерім, көрген
филмдерім, өз ойымның қорытындылары қарастырылды. Ең бастысы сүйекке қатысты атаулар, нанымдар, өлшемдер туралы түсініктерге тоқталдым.
Ең негізгісі:
Мал сүйегінің белгілі бір формада болсады, жан жануарға сүйектерінің ұқсайтындыңына көзімді жеткіздім. Осы негізде сүйектен белгілі формада аң, жан-жануарлар бейнесін жасап шықтым. Бұл жұмыстар менің жобамның
нақты дәлелі бола алады.
Алдағы уақыттарда осы жұмысты жетекші ұстазымның бағыт беруімен дамыта түсетін боламын.
Қорыта айтар болсақ аңшылық адамзаттың сонау заманнан бері келе жатқан ұлттың болмысы мен атадан балаға дәріптелеп, дәстүрлік жолмен беріліп келген ұлттық мұрамыз болса, сол мұрамен бірге өмір бойы қатар жүрген «сүйектің» қыры мен сырын аша түсуге жұмыс жасаймақпын.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Ана тілі газеті.№2. 2015 ж.
2. Арқа ажары газеті. №19-27. 2019 ж.
3. Бала би журналы. № 6,12. 2010 ж.
4. Ежелгі Қазақстан тарихы. (Атлас) Алматы 2012.
5. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», 8-том, «Ғалым», Алматы,1985.
6. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматыкітап 2007 ж.
7. С.Мұханов. Таңдамалы шығармалары. САлматы: 1979ж.
8. Б. Хинаят, А. Сужикова «Қазақ халқының ұлттық киімдері» Алматыкітап баспасы 2008 ж.
9. Қазақ Алтайының көне қазыналары. З.Самашев. 2008ж.
10. Б. Саматұлы «Қазақтың дәстүрлі қару жарақтары»
Алматы баспасы 2008 ж.
11. Ұлан газеті. №49, 6-желтоқсан. 2011ж.
Ақмола облысы
Аршалы ауданы
Сарыоба орта мектебі.
8-сынып оқушысы
Өмірбек Есенжолдың
Ғылыми жобалық жұмысына
Пікір.
Жоба тақырыпқа сай жүргізілуде, бағыты дұрыс. Ең бастысы оқушының алға қойған мақсаты айқын. Ол сүйек сөзіне жауап іздеу үшін еңбектенуде. Іздей жүріп жұмысында жетістікке жеткісі келеді. Алған бағыты дұрыс болғандықтан осы тақырыптың мағызын арттырады деп ойлаймын. Оқушының ең бастысы қолы шебер, сүйектен кез келген аңның бас бейнесін келтңре алады. Менімен үнемі ақылдасады, ойын ашық білдіретін оқушы. Атқарып жатқан жұмысына толықтай көңілім толады. Оқушымның жұмысын жоғары бағалаймын. Себебі: «Сүйек» тақырыбы көп жазылмаған, аз зерттелген тақырып.
Ескертетін жағдай: Жобалық жұмысқа уақытты тұрақты бөлу керек, жануарларды өз өңінде бояап көрсетсе деген ұсынысым бар.
Пікір жазған: Тарих пәні мұғалімі. Силам Еркежан.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Рухани жаңғыру «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы.
Тақырыбы: «Қиялдан туған ғажайып аң стилі».