«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Сарыоба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Авторлық жоба Тақырыбы: «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» Кім жылдам ойыны арқылы меңгеру.

Аршалы ауданы Сарыоба орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Авторлық жоба.

 

 

 

 

 

 

 

 

       Орындаған: Силам Еркежан                            

 

       Тақырыбы: «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат»

Кім жылдам ойыны арқылы меңгеру.

 

       Жұмыстың секциясы: Этномәдениеттану

 

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аршалы, 2018

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Түйін: ..........................................................................................................2

 Кіріспе:.......................................................................................................3

1 Шығармашылықтың  идеяның туындауы

1.1. «Кім жылдам» ойыны ережесіне  түсіндірме.................................

1.2 «Кім жылдам» ойынына жобалық үлгі..........................................

2 «Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады!»

2.1 Пішіндеу – «Жанама тәжірибе».........................................................

2.2 «Ұлттық мұра – ұрпаққа  аманат» идеясы ойын арқылы қалай насихатталады..........................................................................................

Қорытынды................................................................................................11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жоба.

 

Тақырыбы: «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат»

Кім жылдам ойыны арқылы  меңгеру.

 

  1. Жұмыстың мақсаты:

 

   Оқушының оқуға деген белсенділігін қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық, қасиеттерін арттыру.

 

  1. Алдыма қойған міндеттерім:

 

   Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, ойын дамыту, талапшыл болу, пікірін тиянақтау, арманшыл болып, білімін бағамдау.

 

  1. Зерттеудің тәсілдері: (салыстыру, талдау, пікір алмасу, түсіну,баяндау)

    

  1. Тақырыптың жаңашылдығы:

 

   Осы әдіс тәсілді қолдану арқылы уақытты үнемді әрі орынды жұмсау, сабақ барысында көп білуге талаптану, сабақта ойды және дене қозғалысын  пайдалану, оқушының алға ұмтылып, сабақ барысын ширата түсуі, жеңіске деген талпынысы.

 

  1. Зерттеудің нәтижелері:

 

   Кез келген пәнге пайдалануға болатын «кім жылдам» тақтасы білім сапасын арттыруға, оқушы қиялын шыңдауда маңызды бола алды.

   Бабадан қалған, заманында пайдаланған құнды жәдігерлерді келешек ұрпақ біліп өсу арқылы қоғамымызда дәріптеу.

 

  1. Зерттеу жұмысының құрылымы:

 

   Зерттеу жұмыс жобасы түйіннен, кіріспеден, тараулардан, тақырыпқа сай жұмыс барысынан, макеттен, арнайы пікір білдірген мамандардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

  1. Зерттеудің нысаны: Оқушылардың ойлау, өзіндік шешім шығара білу қабілеттерін арттыру мақсатында білім берудің жаңартылған бағдарламасы негізінде танымдық қабілетін арттыру үшін сабақ барысында осы ойын элементтерін қолдану зерттеудің негізгі нысаны болды. 

 

 

 

 

Түйін:

 

«Шын беріле қызықтаған

 нәрсе ғана адамның жүрегінен

орын алады»

   Әл – Фараби.

      «Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылықтың дәні де нақ сол бала кезден егіледі», - деп орыстың ұлы ойшылы С.М.Михалков айтқандай  бала кезде алған білім, санада тиянақтайды.

      Мен оқу сапасын жақсарту, тәрбиелі оқушыны қалыптастыру жолында тың идеяларға көп мән бердім. Сол үшін де оқу сапасын арттырудың жолдарын қарастыра келе жұмыс жасайтын тақырыбымды тиянақтап, нақты жоспарға сай жұмыс жасауға кірістім. Ең бастысы сабақ құрылымына өз идеяларымды қосқым келді. Осы негізде «Адасқан сөздер»,«Суреттер сөйлейді», «Бір ойын, екі мағлұмат» т.б ойын түріне негізделген идеяларымды  сабақ  барысында қолдана отырып, ұстаздар қауымынан қолдау таптым. Бірақ осы идеяларымды тиянақтау барысында жаңа оқу бағдарламасына сай келетін «Кім жылдам» ойыны ойға оралды. Мұндай идеялардың пайда болуына, оқушылардың енжарлығы, үй тапсырмаға тиянақты дайындалмауы, сабақ барысында басқаға бөгет болуы, нәтижесіз білім алуы т.с.с жағдайлар үнемі оқушылар арасында анық байқалып тұрды. Осы жағдайлардан шығу үшін - қалайда білім сапасын жақсарту, оқушыларға тиянақты білім беру, барлық оқушылардың оқуға деген  белсенділін арттыру міндеті тұрды. Мұндай жағдайллардан кейін, мен осы ойын түрін қолдана отырып сабақтың кез келген түріне қолдануға болатын «Кім жылдам» ойынын ойлап таптым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Кіріспе:

 

      Мұғалімнің  ұстанымы – оның  көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс әрекетінің негізі [1,7] деген ұстанымнан ой түйсем, біз ұстаздар  заман талабына сай білім беру қазіргі таңда маңызды мәселе, шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеуде жаңа педагогикалық шеберлік аса қажет деген ой түйдім. Сол үшін қазіргі  уақытта тың идеялар білім беру саласына нәтижесін берсе ғана білім саласына мол пайдасын тигізетіні сөзсіз.

      Мен ұстаз ретінде жаңа технология уақытында өз элементімді ұсынбақпын. Бұл элемент «Кім жылдам» ойыны деп аталады. Аты айтып тұрғандай, бұл ойын оқушыларды жылдамдыққа, қиялын ұштауға, пәнге деген қызығушылығының артуына тигізер пайдасы мол. «Кім жылдам» ойынында оқушылар адам баласының мүмкіндігі құлақпен естіп, көзбен көріп, ой санамен қабылдап, білімге деген құштарлығын дамытады. Ойындағы ережелерді түсіндіру барысында, оқушыларға болашақта кім болғыларың келеді?. Ол арман қиялдарыңа тез жеткілерің келе ме? – деп сұрақ қою арқылы ойынға деген қызығушылықты арттыруға болады. Немесе арнайы (магнитті тақтада) көрсетілген ғимараттарды көрсетіп (министр, депутат, президент) болғыларың келе ме? - деп сұрауға болады. Ойын барысында оқушылардың қиялына жету үшін неше түрлі кедергіле, бөгеттер, құлдырау мен көтерілулер, ойыннан шығып қалу сияқты белестер бар екендігі айтылады. Сол белестерден өту үшін шыдамдылық, жылдам шешім қабылдау, тәжірибе - қол жеткізген нәтиже, алған білімі арқылы өте алатындығын оқушы сол уақытта  дәлелдей алады..

            Міне біз ұстаздар бала арманы мен қиялын шыңдау үшін де осындай жаңа технологиялық элементтерді жиі қолдана білсек, оқушының жалпы пәнге қызығушылығы артып, арман қиялы шындыққа айналатыны сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Шығармашылықтың  идеяның туындауы

1. 1 Ойын ережесіне түсіндірме.

    Ойын  ережесі:

    Ойын түріне негіздеп сабақ барысында қолданатын, бұл ойынды 2015 жылдардан бастадым. Басында өте қарапайым түрде магнитті тақта ретінде жасалды. (1-сурет)

    Мектеп ұстаздарына таныстыра келе, олардың ескертпелерін ескеріп, заманауи түрде жасап шығуыма тура келді.(2 сурет). Бірінші жасаған ойын тақтасы сандардың стандартқа сай болмауы, жұпыны жасалуы, дизайны қарапайым, тартымдылығы орташа т.б. ескертпелерді алдым. Сын ескертпелерді қайтадан қарап шығу, оны қайтадан жаңғырту барысында мектеп ішкі ережесіне сай стандартқа сай келетін ойынды түрлендіріп қайтадан жасап шық

Жаңартылған күні: 06.09.2019 11:27
Құрылған күні: 06.09.2019 11:27

Текст