«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Сарыоба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық "Абайтану" олимпидасы

28.01.2022

Биылғы оқу жылында мектебіміздің көптеген шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, толағай табыс пен жеңісті нәтижелерге қол жеткізді. Солардың бірі- 11- сынып оқушысы Серік Жадыра.
Ол жақында өткен Республикалық Абайтану олимпиадасының аудандық кезеңінде 1- орын алып, облыстық кезеңге жолдама алған еді. Қаңтар айының 27 күні Көкшетау қаласында өткен Абайтану олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысып, өзінің білімі мен өнерін көрсетіп, жүлделі 3- орынға ие болды. Бұл- ауданымыз бен ауылымыз үшін үлкен табыс, жемісті жеңіс.
Шәкіртіміз Жадыраға әлі де талай биіктерден көріне бер, талабың тасқындай берсін демекпіз.

 

Просмотров: 67


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст